Өзекті мәселелер талқыланды

Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 24-ші сессиясы өтіп, онда мәслихаттың 2017 жылдың 14 желтоқсанындағы «2018-2020 жылдарғы қала бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу», мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы «Көкшетау қалалық мәслихаты алтыншы шақырылымының тұрақты комиссиялары мүшелері құрамын бекіту жөніндегі шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Көкшетау қалалық мәслихатына «Нұр Отан» қоғамдық бірлестігі депутаттық фракциясын тіркеу», «Көкшетау қаласының аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету мөлшері мен ретін анықтау» жөніндегі мәслихаттың 2016 жылдың 26 сәуірдегі шешіміне өзгертулер енгізу, жер бөлу комиссиясына, үй бөлу комиссиясына, бюджет комиссиясына, Көкшетау қаласы әкімшілігі жанындағы құрылыс-сәулет кеңесі құрамына өзгерістер енгізу, Көкшетау қаласын басқару жүйесін бекіту, «Көкшетау қалалық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штатын бекіту сияқты» мәселелер қарастырылды.Тиісті мәселелер бойынша сессия төрағасы Ж.Әміржановтың, қалалық мәслихат төрағасы Е.Исімбаевтың, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Ахметовтың, Жер қатынастары бөлімі жетекшісі міндетін уақытша атқарушы А.Айтымованың, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар тасымалдау транспорты, автомобиль жолдары» бөлімі жетекшісінің орынбасары В.Ыбыраеваның, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатованың, құрылыс-сәулет бөлімінің басшысы И.Әбеновтың, «Көкшетау қаласы әкімі аппараты» персоналды басқару аппаратының жетекшісі О.Корсактың хабарламалары тыңдалды. Халық қалаулылары әуелі «Депутат сағатында» күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылап, сессияда бекітті. Сессия жұмысына қала әкімі Е.Маржықпаев қатысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий