Өзен-көл жағалауы тазартылды

Жаз басталысымен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны анық. Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай демалыс мекендерін ластап кетеді. Осының салдарынан орман, тоғай және көл жағасы түрлі қоқысқа толып, табиғатқа айтарлықтай зияны тиіп, көптеген залал келетінін естен шығаратыны көңіл қынжылтады. Осы орайда Көкшетаудағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, коммуналдық сала қызметкерлері Қопа көлі мен Қылшақты өзенінде «Таза жағалау» акциясын өткізді. Көл жағасында қалған қамыс қалдықтары, су бетіне қалқып шыққан түрлі сусындардың бос құтылары және көл жағасына тасталған қалдықтар жиыстырылды. Акция барысында 30 қап қоқыс шығарылды. Осылайша, өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды. «Бұндай шаралар алда да жалғасын таба береді. Тазалық акцияларын жиі ұйымдастырған жөн, алайда оның нәтижесін айқын көрудің бірден-бір жолы – әрбір адам өскен ортасын бүлдірмеуге дағдыланғаны дұрыс. Қала тұрғындары  осыған мән беріп, жастарға  өнегелі ісімізді көрсетсек екен», – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анар Белгібаева.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий