Өзін-өзі басқару кеңестері құрылды

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Бауыржан Ғайсаның төрағалығымен 25 қарашада алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы болды. Оның жұмысына қала әкімінің орынбасарлары Алтынай Әміренова мен Иван Юрченко қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2016-2018 жылдарғы қалалық бюджет туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №С-44/3 шешіміне өзгерістер енгізу және «Көкшетау қаласы бюджеттік комиссиясын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы №С-52/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Көкшетау қалалық экономика және бюджеттік жос-
парлау бөлімінің басшысы Гүлмира Шұқатова хабарлама жасады. Сессияда Көкшетау қаласы әкімдігі жанында жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде аумақтық кеңестер құрылды. Оның құрамымен Көкшетау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Е.Тұшанов таныстырды. Сессияда, сондай-ақ, «Әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту, әлеуметтік көмектің мөлшері мен Көкшетау қаласының әр санаттағы мұқтаж азаматтарының тізімін бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы №С-2/8 шешіміне толықтырулар енгізу, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері жөнінде қалалық комиссияның құрамын бекіту, «Тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №С-14/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессия жұмысына қатысқан Көкшетау қаласының прокуроры Арман Ризанов жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін 5 мың жер учаскесін бөлу, жобалық-сметалық құжаттарын жасауға бюджеттен қаржылай көмек көрсету жөнінде ұсыныс айтты. Оны халық қалаулылары да қолдады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс