Өз ісінің білгірі

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала-сында аймақтағы тарихты зерделеп, танып, жергілікті тұлғаларды дәріптеп, олар-дың халыққа көрсеткен қыз-меттерін, жасаған істерінің маңыздылығын баяндауды міндеттеген болатын.

Осы орайда медицина ғылымдарының докторы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Серік Әкпенұлы Аяғановтың өнегелі істері туралы сөз қозғағанды жөн көрдік. Өңірде медицинаны өркендетуге сүбелі үлес қосқан тұлғалы азаматтың өмір және еңбек жолдарын зерделер болсақ, ол 1952 жылы 10 сәуірде Степняк қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түседі. Хирург мамандығын меңгеріп, туған өлкесіне оралады. Әуелі Көкшетау облысы, Ленин аудандық ауруханасында хирург болып алғашқы еңбек қадамын бастайды. Жылдан-жылға тәжірибе жинақтап, 1981 жылы аудандық аурухананың бас дәрігері, 1987 жылы Көкшетау облысы денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі болып тағайындалады.
Серік Әкпенұлы өз ісін біліктілікпен атқара жүріп, ғылыми жұмыстармен айналыса бастайды. 1999 жылы кандидаттық диссертацияны, 2003 жылы докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғайды. Сөйтіп, отандық медицина ғылымын өркендетуге тың жаңалықтар енгізеді. Қоғамдық және ғылыми-ағартушылық қызметімен көзге түскен білікті басшы, хирург Серік Аяғановқа облыс сайлаушылары зор сенім көрсетіп, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа сайлайды. Қазақстандық парламента-ризмнің қалыптасуына өзінің көп жылғы бай тәжірибесі мен білімін арнаған ғалым-дәрігер алғашқы Денсаулық сақтау кодексін жазуға да атсалыс-ты. Әсіресе, ол Ақмола және Көкшетау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша Үкіметке депутаттық сауалдар жасап, мәселенің түбегейлі шешім табуына үлес қосты. Қажырлы еңбегі лайықты бағаланып, «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың он жылдығы» медальдарымен марапатталды. «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» мәртебесіне ие болды. Білікті хирург ретінде Серік Әкпенұлы медицина саласында қызмет атқарған жылдар ішінде 650-ден астам ота жасап, халықтың ризашылығына бөленген тұлға. Оның емдеу ісіндегі еңбектері елеусіз қалған емес. Әсіресе, ғалым ағаларының қамқорлығына бөленген жас әріптестері оның адами қасиеттерін асқан сүйіспеншілікпен айтады. Ал, біздің Серік Әкпенұлы болса өзінің сабырлы мінезімен баршаны ыстық құшағына алуға асыққандай.

Құрметпен: облыстық аурухананың ұжымы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс