Өлшеусіз еңбектің өтеуі

Облыстық филармонияда ұстаздар қауымына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекеге өңірдегі білім бөлімінің қызметкерлері, ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада алдымен облыс әкімі Мәлік Мырзалин бала тәрбиелеп, әр шәкіртке мейірім төккен ұлағатты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

«Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Өңірде осыған дейін білім саласында жеткен жетістіктеріміз ұстаздардың еңбектерінің арқасы, алдағы уақытта олар бұдан да зор шыңдарға жетеріне сенемін» – деді өңір басшысы.

Құттықтаудың соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Бұл күні бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Өңірдің үздік педагогтары сертификаттарға ие болды. Бір атап өтерлігі, биылғы «Үздік педагог» республикалық конкурсында жеңімпаз атанғандар арасында ақмолалық ұстаздар да бар. Көкшетаудағы №1 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Назифа Закирова, №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі Дана Ысқақова және Щучинск экология және орман шаруашылығы колледжінің оқытушысы Наталья Семкина 2,5 миллион теңгеден сыйақы алды.

Салтанатты шараға қатысқан ардагер ұстаздарға  облыс әкімінің атынан гүл шоқтары табыс етілді. Білім беру ісіне сүбелі еңбек сіңірген ұстаздарға «Discovery-Borovoe» сауықтыру орталығына жолдамалар тапсырылды.

Бұл күні жергілікті өнерпаздар ғалым да, шахтер де бас иетін ерекше қасиетке ие ұстаздар қауымына ән арнап, мерекелік кештің көркін қыздырды.

 «Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий