Өміршеңдігімен құнды

 

Қала әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат кеңесінде Елбасының биылғы халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру бойынша барлық ведомстволар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс орталығында ауқымды ақпараттық жұмыстар басталды. Дегенмен оны күшейте түсу керек. Әсіресе, меншік түріне қарамастан, барлық кәсіпорындарды қамту қажет. Қарапайым халық қалыс қалмауы тиіс. Әкім бұл жұмыстарды жүйелі жүргізіп, еліміздің әр аумағында Жолдауды түсіндіру жұмыстарымен айналысып жүрген Мәжіліс депутаттарымен көкшетаулықтарды кездестіруге назар аудару қажет деді. Шаһар басшысы Универсиадада жақсы нәтижеге жетіп жатқан ақмолалық және көкшетаулық атлеттерді қарсы алу шаралары жайлы да айтты. Қазақстан құрамасы сапында алтын, күміс және қола медальдарды еншілеген жерлес спортшыларға ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Спорт саласының басшыларына алдағы уақытта осындай нәтиже көрсеткен жастарға қолдау жасалсын деді. Кеңес соңында қала басшысы коммуналдық сала жетекшілеріне тұрғындардың өтініш-тілектерін ескеріп, олардың қоңырауларына міндетті түрде жауап беріліп, қажет жағдайда ақауларды уақытында жөндеуді тапсырды.

Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс