Өміріміз шуақты болсын!

Биылғы Наурыз мейрамының басты ерекшелігі – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауынан кейін өткізілуі. Ұлыстың ұлы күнімен Тәуелсіздік алаңына жиналған көкшетаулықтарды облыс әкімі Сергей Кулагин мен қала әкімі Ермек Маржықпаев құттықтады.

DSC_5553

Көкшетау қаласының әкімі
Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Кең-байтақ Қазақ еліне жарқын мереке –
Наурыз мейрамы да келіп жетті. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Ұлыстың ұлы күні адамдардың рухани жаңаруына, татулық пен келісімді нығайтуға, уақыт пен ұрпақ арасындағы үзілмейтін байланысқа дәнекер болатындай табиғаттың бусанып түлеуінің жалпыұлттық мерекесіне айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-
баевтың ұлтаралық қарым-қатынас саласын-дағы сындарлы саясатының арқасында елімізде тыныштық пен өзара түсіністік сал-
танат құруда. Бұл орайда биылғы Наурыз
мейрамының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өтуі ерекше маңызды. Наурыз
мейрамы адамдардың бойында мейірімділік сезімін ұялатып, ортақ үйіміздегі келісім мен
татулықты нығайтуда.
Мәңгілік Ел – бәріміздің ортақ тағды-рымыз, бабаларымыздың санғасырлық асыл арманы. Біздің қоғамдағы ұлттың бірігуі, бейбітшілік пен келісім – мемле-кетіміздің басты құндылығы. Қазіргідей тыныш заманда бақытты өмір сүруіміз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы, сындарлы саясатының жемісі екендігін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі қуанышты күні қаламыздың гүлденіп- көркеюі жолында қажырлы еңбек етіп, лайықты үлес қосқаны үшін жерлестеріме шынайы алғысымды білдіремін. Ізгілікті бастамаларыңыз бен армандарыңыздың жүзеге асуына тілектестігімді білдіре
отырып, әр шаңыраққа ізгілік, ырыс-береке, татулық тілеймін.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс