Өндіріс көлемін ұлғайтуда

Өңірде жасанды вентиляциялық өкпе аппараттары сияқты стратегиялық маңызы бар тауарларды өндіру қуаты ұлғайтылды.
Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында 800 адам жұмыс істейді. Жасанды вентиляциялық өкпе аппараттарын жасау өндірісі жүктемесінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынға тағы жүзге жуық адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, кәсіпорында коронавирус індетінің таралуы кезінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға баса назар аударылуда. Карантин уақытында әр екі сағат сайын барлық зауыт құрал-жабдықтары тазартылып, жұмысшыларға маскалық режим енгізіліп, әрбір ауысым сайын санитарлық және дезинфекциялық өңдеу шаралары өткізіледі. Енгізілген жаңа ноу-хау жаңалықтардың бірі – ғимаратқа кіреберісте қызметкерлердің әрқай-сысына дезинфекциялық құрал шашып, жұмыс-шылардың киім-кешектері зарарсыздандырылады. Зауыттың бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, соңғы күндері зауыт санитарлық шараларды күшейтті. – Қазіргі сәтте цехтағы машиналарға санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар өз жұмыстарына кіріспестен бұрын беті-қолдарын мұқият сабындап жуады. Барлық кәсіпорында санитарлық тазарту құралдары қойылған. Мұнымен қоса біздің жұмысшылар арнайы киімдермен зауыт сыртын дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандырады. Сондай-ақ, біз қызметкерлерімізді үйден жұмысқа дейін тасымалдауды да жүзеге асырудамыз. Қазіргі уақытта бізде алты автобус бар, – дейді Қайрат Қалманбаев.
«Новопэк» фабрикасы шыны, керамикалық, аграрлық және басқа да өнеркәсіп салаларына химиялық шикізаттың ірі жеткізушісі болып табылады. – Қол алысуға бұйрық-пен тыйым салынған. Жұмыс кестесі өзгертіліп, енді біз жұмысшылар зауыттан ертерек шығуы үшін таңғы 8.00-ден жұмыс істейміз. Қызметкерлерді үйінен зауытқа және зауыттан үйіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету үшін жолаушылар автобусы тасымалдаушыларымен қосымша келісімшарттар жасалды. Кәсіпорынның 500 жұмысшысына әлеуметтік қоржын түрінде ұн, қарақұмық, күріш, макарон және т.б. көмек берілуде. Жалақыны ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда, – дейді кәсіпорынның коммерциялық директоры Серік Керуенбаев.
Сонымен бірге, кәсіпорынның өзінде зауыттың аумағына бөтен адамдардың өтуіне тыйым салынып, маскалық режим енгізілген. Зауытқа кіргенде әрбір жұмысшы медициналық тексерістен өтеді, антисептиктер қойылған. – Ылғалды тазалау жұмыстары артып, есіктер мен тіреулер хлормен өңделген орамдармен таңылған. Бүгіннен бастап күн сайын кәсіпорынды басқа ұйыммен дезин-фекциялық шаралар өткізілетін болады. Кәсіпорын жатақханасында қосымша бөлмелер ұйымдастырылған. Қала маңынан келген барлық жұмысшыларға жатын орындар ұсынылады, – дейді С.Керуенбаев.
Өңірде карантин шараларына қарамастан зауыт өз өнімдерін экспорттауды жалғастыруда.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий