Өндіріс – өңір дамуының өзегі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында Көкшетаудағы өндіріс орындарында болды. 

Вице-министр алдымен «Асыл арман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 2003 жылы ашылып, еңбек нарығына қадам жасаған серіктестік отандық кәсіпорындардың ішінде ұнтақ заттарға арналған қаптама шығару өндірісінде көшбасшы саналады. «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы өндіріс ошағын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорынның өндіріс бойынша директоры Әнуарбек Омарбековтың айтуынша, кәсіпорын өндіретін өнім ТМД елдері, Қытай және өзге де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Алдағы уақытта бірыңғай экономикалық кеңістікті пайдаланып, өнімді кедендік одақ елдеріне экспортқа шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорында 500 келіден 2 тоннаға дейін сусымалы жүк таситын 120 миллион дана қаптар мен «Биг-бэг» контейнерлері тігілуде. Соңғы төрт жылда мұндағы қондырғылардың 50 па-
йызы жаңартылған, шетелдік 60 жаңа құрылғы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Жобаның тағы бір жетістігі өнімдер қалдықсыз да-
йындалады. Үзіліссіз өндіріс болғандықтан, ұжым мүшелері төрт ауысымда жұмыс істейді. «Қазір кәсіпорында 750 адам еңбек етеді. Өндiрiс орындары көп болса, жұмыс орны да көп болары анық. Қазақстанның өзге облыстарынан тігіншілер вахталық әдіс бойынша келіп жұмыс істейді. Оларға арнап тоғыз қабатты жатақхана салып жатырмыз. Келешекте өндірісті ұлғайтып, жұмысшылар санын 2 мың адамға дейін жеткізу жоспарда бар», – деді Ә.Омарбеков. Кәсіпорындағы полипропиленді қаптаманың жаңартылған өндірісінің жұмысымен танысқан вице-министр өңірдегі кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті зор екенін атап өтті.
Ержан Ашықбаев ауылшаруашылығы мен коммуналдық техникаларды құрастыратын «Қазақстан агроөнеркәсіптік инновациялық корпорациясы» және керамикалық кірпіштер шығаратын және «Енки» кірпіш зауытының өндіріс цехтарында да болды. Сапар аясында вице-министр А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, оқыту жүйесіндегі жаңа реформалар, техникалық және кәсіптік білім сапасын жоғары деңгейге көтеру, жас мамандарды еңбекпен қамту мәселелері жөнінде әңгіме өрбітті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий