Өнегелі отбасы атанды

Көкшетауда облыстық ішкі саясат басқармасының «Асыл мұра» отбасылық құндылықтар орталығын ұйымдастыру әлеуметтік жобасы аясында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылар арасында «Отбасым – байлығым» атты байқау өтті.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар сайыста өз өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттаулары керек. Байқауға 6 отбасы қатысып, төрт кезең бойынша өздерін барлық қырларынан таныту үшін сынға түсті.

Байқау үздік жанұяны анықтап қана қоймай, отбасы ұғымына түсінік беріп, бүгінгі қазақ отбасының мағынасын айқындауға мүмкіндік берді. Шарада сайысқа қатысушылар тек ән-жыр айтумен шектелмей, салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністер қойды. Шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жанұялардың бірі өнерде белсенділік танытса, енді бірі – көпбалалы отбасы. Ұйымдастырушылар қатысуға ниет білдіргендердің ықыласы жоғары екенін айтады.

Биылғы ұйымдастырылған байқауға 6 отбасы қатысып, белсенділік танытты. Сахна төрінде қатысушылар өз отбасының ынтымағы мен берекесін көрсетуге барын салды. Байқау қорытындысы бойынша Хасеновтар жанұясы үздік деп танылды. Отағасы Сәрсенбай Хасеновтың айтуынша, байқауға, әсіресе, отбасының кішкентай мүшелері тиянақты дайындалған: – Ұлттық өнерімізді, домбырамызды, өлеңдерімізді насихаттайық деген оймен келіп қалдық. Қаншама балалардың, өздерінің өнерлерін көрсетті. Үйде отырған аналарды халықпен қауыштырып, үлкен бір серпін берді. Арнайы салт-дәстүрімізді дамыту үшін қазақтың құйрық-бауыры салтын ұсындық.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай өтетін облыстық байқауда өңір намысын қорғайтын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий