Өнегелі істерімен шашу шашып…

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залында Көкшетау қаласының танымал қыз-келіншектері мен жастардың кездесуі өтті. Ондағы мақсат: жастарды табысқа ұмтылдырып, өмірден өз орындарын табуға ынталандыру, белгілі азаматтардың жеңіске жету құпияларының сырын ашып, олардың жағымды мысалдары арқылы биік шыңдарға қол жеткізу.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен бұл қызықты кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Айна Мысырәлімова, «Той Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская, Көкшетау автобус паркінің бас директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрімова, гуманитарлық-техникалық лицейдің директоры Наталья Дементьева, «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Валентина Косянюк, кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова, «Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәмелі Қойшина, Ақмола облыстық филармониясының әншісі Валерия Болиева қатысып, өздерінің еңбек жолдарын айтып, өмірде жетістіктерге жетуінің сырымен бөлісті. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы рөлі өсіп келеді. Олар отбасындағы бала тәрбиесімен айрықша сүйіспеншілікпен айналысса, қызметте де мәртебелі биіктерден көрінуде. Кездесу соңында «АП-Импекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Жұмабай Әміржанов пен мерекелік шаралар орталығының демеушілігімен кездесуге қатысқан меймандарға сыйлықтар үлестірілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс