Өнегелі өмір жайлы сыр

Жақында М.Жұмабаев атын-дағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы Өмірзақ Мұқайдың белгілі қоғам қайраткері, Жарқайың ауданының құрметті азаматы, ҚР Парламенті Сенаты бірінші шақырылымының депутаты, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Аманжол Сейітжанов жөнінде жазылған «Өмір академиясы» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан алғыс хат табыс етті.

Еліміз өркендеуіне, Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан, талай шаруашылық, мекемелерді біліктілікпен басқарып, лауазымды қызметтердің тұтқасын ұстаған Аманжол Сейітжанұлының көргені, жиған тәжірибесі, кейінгіге айтар өнегесі көп. Талантты жазушы қайраткер азаматтың сол ұзақ жолы, онда кезіккен асу, өткелдері, түйген түйіндері туралы толғанады.
Өнегелі кітаптың қыр-сыры туралы тұсаукесер үстінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин, астаналық қарт ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты Батырхан Балдин, жазушы Жабал Ерғалиев, «Көкше-Media» ЖШС директоры Жалғасбек Сүлейменов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, облыстық кітапхананың директоры Талғат Ыбыраев, «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық ұйымының жетекшісі Мейрамбек Қиықов, ақын Қуаныш Оспан, тағы басқалар пікір айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий