Өнерлі қариялар сынға түсті

Көкшетауда қарттарды қолдау айлығы аясында тұңғыш рет өнерлі қариялар арасында «Дауыс 60+» байқауы ұйымдастырылды.
«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шоу-бағдарламаны дарынды шоумен Әсет Байжолов жүргізді.
Сахнаға шыққан әр қатысушының бұл көптен күткен жұлдызды сәті еді. Жобаның шарты бойынша қазылар алқасы үміткерді теріс қарап отырып тыңдайды. Дауысы ұнаса, қызыл кнопканы басып, бұрылады. Әр қатысушыға қошеметтерін көрсетіп, ду қол шапалақпен қолдап отырған залдың да құрметі үміткерлердің қобалжуын басып, сахнада өзін еркін ұстауына септігін тигізді. Ретро шығармаларды залдағы көрермен байқауға қатысқан 13 үміткермен қосыла шырқады.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Көкшетау» мәдениет сарайының ардагерлер хорының мүшесі Валентина Живаева «Алтын дауыс» иегері атанды. Отбасылық тәрбие орталығының қызметкері Алтыншаш Шүкібаева инстаграмм желісінде ең көп ұпай жинаса, теміржол бөлімшесінің ардагері Татьяна Кулыгина арнайы жүлдеге ие болды. Ал, «Көкше» мәдениет үйі директорының орынбасары Есімжан Жапаров «Күміс дауыс» аталымын жеңіп алды. Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий