Өнер иелеріне – құрмет

Қала әкімі Амангелді Смайылов мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен
құттықтап, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, кітапханалар жүйесі мен «Достар»мәдениет сарайының мамандарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейлі мерекесі осы сала қызметкерлері үшін ерекше күн. Қала басшысы олар айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталманы ретінде өнерге берілген өнерлі жандар екенін атап өтті. – Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында осында отырған баршаңыздың үлесіңіз бар. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын! – деді қала әкімі өз құттықтауында. Мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілген тамаша күн олардың құшақтарын гүлге, көңілдерін нұрға толтырды.
Өнер деген өміршең ортаның тамырын талай талант иелері басып жүр. Арамызда өнерлі жандар көп, бірақ нағыз өнер иесін халық өзі-ақ таңдап алады. Олар шоқ жұлдыздай жарқ етіп, елінің сүйіктісіне айналып, өнердің қиын да қызықты баспалдақтарымен биікке өрлей береді. Міне, сондықтан да, шырмауы көп өмірдің шиыршығын өнермен ұштастырып жатқан өнер иелеріне бас имеуге болмас.

Алғысым шексіз!

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған екі шараның жоғары деңгейде өтуі жүргізушілер Екатерина мен Мейрамбек, Неке сарайының дыбыс операторы Нұрболат, «Дос-тар» мәдениет сарайының имидж-тобы, режиссер Тамара Владимировна сияқты кәсіби майталмандардың зор еңбегінің арқасы деп білемін. Ұйымдастыру жұмыстары кезінде аса жауапкершілік танытқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дина Уахитқызына зор алғысымды білдіремін. Мереке күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірқатар наградалар мен алғыс хаттар тапсырды. Марапатталғандар қатарында әріптесіміз, «Көкше» мәдениет үйі фольклорлық ансамблінің жетекшісі Мейрамбек Мұхатай да бар. Қала басшысы Амангелді Смайыловтың қатысуымен өткен шарада мәдениет қызметкерлері алғыс хаттарға ие болды. Атаулы мерекеде әріптестерімнің барлығы ауқымды шараның өз деңгейінде өтуіне жақсы атсалысты. Қадірлі әріптестерім! Осы күндері облыс орталығында өткізілген көптеген мәдени шаралардан түйгенім – біздің мамандығымыз өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Бәріңіздің жүректеріңіз өнер деп соғатынына сенімдімін!

Айгүл СӘБИТОВА,
Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий