Өнер шеруі сәтті өтті

Көкшетауда бастау алған «Сәлем, Елорда!» екінші республикалық өнер шеруінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Фестивальда еліміздің барлық өңірлері өнер көрсеткен болатын. Шараның салтанатты жабылу рәсімінде Ақмола облысы әкімдігіне фестивальды ұйымдастырғандары үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің алғыс хаты берілді. «Сәлем, Елорда!» – мәдениет саласындағы өте ауқымды жоба. Фестивальдың мақсаты: мәдениет пен өнер саласындағы бетке ұстар орындаушылардың шеберліктерін кеңінен насихаттау, ұжымдардың өзара тәжірибе алмасуларына септесу. Республикалық деңгейде өтіп, бірнеше күнге созылған шеруге барлық облыстардың өнер ұжымдары қатысты. «Көкшеге алып келген өзіміздің бағдарламамыз бар. Ерлан деген азамат нарқобызда Ықыластың күйі Ерденді, жетігенші Салтанат Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындайды. Өзім шертер деген қазақтың көне аспабымен Қожекенің күйі «Сарбарпы бұлбұлды» орындаймын», – деген Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі Айбол Құдайбергенов шынында да көрермен көзайымына айналды. «Сәлем, Елорда!» фестивалінің салтанатты түрде жабылуына арналған гала-концертте қатысушылар дәстүрлі ән, жыр мен термелер орындап, «Біржан-Сара», «Абай» сынды танымал опералардан үзінділер шырқап, құлақ құрышын қандырды. Шараға жауапты ақмолалық әртістер де өнерден құр алақан еместіктерін көрсетті. Сахнада Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Саят Бабаев сынды белді орындаушылар мен би ұжымдары өнер көрсетті. Шеруге еліміздің барлық облыстарынан келген өнер иелері «мұндай шаралардың біздерге де берері мол», – дейді. Жоба аясында өңірлерден келген мәдениет қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады. Бұл шаралар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әріптес-
теріміз үшін мүмкіндіктер алаңына айналғаны сөзсіз. «Сәлем, Елорда!» 3-республикалық өнер фес-
тивалі Батыс Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

Гүлбаршын САЛЫҚ,
өлкетанушы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий