Өрелі істер жалғасын табады

10 қарашада «Нұр Отан» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Онда саяси кеңестің 2015-2016 жылдарғы кезеңде атқарған есебі қаралып, аумақтық филиалдың төрағасы және саяси кеңестің құрамы, Ақмола облыстық аумақтық XXVI есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Конференция жұмысына облыстық және қалалық филиалдар төрағасының бірінші орынбасарлары Ғалым Бекмағамбетов пен Зәуреш Нұрымова қатысты.

Облыс орталығындағы 43 бастауыш партия ұйымынан ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына қатысқан 120 делегаттың алдында Көкшетау қаласының әкімі, қалалық филиал төрағасы Ермек Маржықпаев саяси кеңестің 2015-2016 жылдарғы кезеңде атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады.

Қалалық филиал төрағасы, қала әкімі Ермек Маржықпаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай партияның жергілікті жерлердегі бөлімшелері де өз жұмысын ашықтық, жауапкершілік және тиімділік принциптеріне сай ұйымдас-
тырып отырғанын айтты. Мұны Көкшетау аумақтық филиалының есепті мерзім ішінде қолжеткен жетістіктерінен айқын көруге болады. Қазіргі таңда филиал құрамында 5137 адам бар. Олар 183 партиялық топ пен 43 бастауыш ұйымды құрап отыр. Филиал төрағасы атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда басты міндет сандық көрсеткіш емес, жұмыс-
тың сапалылығына қол жеткізу басты шарт болып табылады. Сол себепті партия қатарына саяси сауатты, мақсаты айқын, жаңалыққа жаны құмар, қабілетті адамдарды көбірек тартқан жөн. Тағы бір қолжеткен жетістік жарна жинау жөніндегі 10 айдың жоспары 102 пайызға орындалған. Қала аумағындағы барлық бастауыш партия ұйымдарында «100 нақты қадам – ұлт жоспары» бағдарламасы, «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр манифесі» кеңінен талқыланды. Бастауыш ұйым төрағаларының біліктілігін арттыру мақсатында ішкі партиялық мониторинг және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды бақылау мәселелері бойынша екі семинар өткізілді. Бүгінгі таңда қалалық филиалдың алдында тұрған өзекті міндет ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алу. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды орындау шараларының нәтижелері бойынша өз бастауыш партия ұйымдарында атқарған жұмыстар жайлы қалалық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева, қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Инна Адам әңгімелеп берді. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Искаков пен «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру
институтының директоры Еркін Исімбаев халық қалаулылары ретінде қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жұмысы жайлы әңгімелесе, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Снежана Цветкова Ұлт Көшбасшысының рөлі, отаншылдық туралы өз ойын таза қазақ тілінде білдірді. Конференция жұмысын қорытындылай келе, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қалалық филиалдың жақсы жұмыс істегендігін айрықша бағалады. Бұдан кейін конференция делегаттары ұйымдық мәселелерді талқылады. Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірауыздан қалалық филиалдың төрағалығына, 29 адам саяси кеңестің құрамына, 34 адам облыстық есеп беру-сайлау конференциясына делегат болып сайланды. Конференция соңында облыс және қала әкімдері С.Кулагин мен Е.Маржықпаевтың атынан белсенді қызметі үшін бір топ адамға Алғыс хаттар табыс етілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс