Өрелі әңгіме өрісі

Науан Хазірет атындағы жаңа мешітте облыс орталығындағы өнер адамдары мен журналистерге арнайы дастарқан жайылып, ауызашар берілді.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин ислам дінінің ұстанымы мен қағидалары, шариғат жолынан терең түсінік беріп, әңгіме өрбітті. Жаңа мешітте Ораза айында күнбе-күн 200-250 адамға тегін ауызашар беріледі екен. Оған қол ұштарын беріп, көмек етіп отырған жандарға алла разы болсын дейміз. Мешіттің кеңдігі, қолайлылығы қуантады. Көптеген тұрғындар осында ауызашырып, тарауық намаздарына қатысып, үйлеріне бірақ қайтады. Бірнеше азамат өз автокөліктерімен үйлері алыс адамдарды жеткізіп салатын көрінеді. Әр жақтан жолаушылап келіп жатқан адамдар орталық мешіттегі осы жағдайды естіп, жолай соғып, ауыздарын ашып, намазға тұрып, сапарларын одан әрі жалғастыруда. Ақмола облысының өкіл имамы Қанат Қыдырмин өнер адамдары мен журналистерге ата дінімізді насихаттап, жастарды адал жолға шақыруға үндеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс