Өркен жаяр өрелі істер

Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес соңғы жылдары облыс орталығында әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес бірқатар бизнес және өндіріс нысандары, халыққа қызмет көрсететін мейрамхана және сауда орындары ашылды. Сондай-ақ, Ақан сері, М.Горький, Капцевич көшелерінің бойында көпқабатты жаңа тұрғын үйлер салынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақша құрылысы да кең қанат жайған. Ару шаһарымызды абаттандыру және көркейтуге бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

image

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Нәбиұлы Сәдуақасов
жұртшылықты толғандырып отырған сауалдарға жауап береді

Сұрақ: Облыс орталығында «Көкшетау ДЭУ», «Көкше Жәрдем» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қызмет көрсетпейтін учаскелер, атап айтқанда, жеке секторларда су басу оқиғалары жиі болып тұрады. Су тасқынының алдын алу шараларына байланысты ондағы қар шығарыла ма?
Жауап: Су тасқынының алдын алу шаралары жоспарына сәйкес «Көкше Жәрдем» коммуналдық кәсіпорнымен тұрғындардың өтініштері бойынша қаладағы су басу қаупі бар учаскелерден 10 наурыздағы мәлімет бойынша 47844 текше метр учаскеден 140050 текше метр қар шығарылды. Жеке секторда су басу оқиғалары орын алса Көкшетау қаласы мен Красный Яр селосы аумағында су тасқынының алдын алу шараларын жүргізетін мердігер ұйым болып табылатын «Көкше Жәрдем» коммуналдық кәсіпорнының диспетчерлік қызметінің 76-19-23 телефонына хабарласып, өтініш беру қажет. Бұдан кейін «Көкше Жәрдем» өкілдері келіп тиісті шара қолданады.
Сұрақ: Неліктен коммуналдық қызмет қаланың орталық көшелерін адамдар жұмысқа баратын қарбалас уақытта тазартады, бұл жұмысты ертерек жүргізуге болады ғой?
Жауап: Кәсіпорын көшелерді тазарту жұмыстарын ауа райына байланысты белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізеді. Жұмыс таңғы сағат 04.00-ден басталады, қыста қар шығару таңғы 07.30-да басталады. Қолмен атқарылатын жұмыстар ерте басталып, күні бойы жалғасады. «Көкше Жәрдем», «Көкшетау ДЭУ» коммуналдық қызметтерінің «Көшелер мен алаңдарды күтіп ұстау» бағдарламасы бойынша таңғы сағат 4-тен бастап жолдар мен тротуарларды қар мен қоқыстан тазарту, жазғы уақытта асфальтты жуу жұмыстары жүргізіледі. Қыста орталық көшелерде қар шығару жұмыстары таңғы сағат 5-тен кешкі 6-ға дейін жүргізіледі. Сағат 8-ден бастап жұмысшылар мен қажетті техникалар учаскелерге бөлінеді, белгіленген жоспар тәулік ішінде атқарылуы тиіс. Сол себепті көшелерді тазарту жұмыстары күні бойы жүргізілетіндіктен, коммуналдық қызметтердің жұмысын тоқтата алмаймыз. Қыста қала
аумағында қар шығару жұмыстарына 48 техника мен 110 жұмысшы жұмылдырылды.
Сұрақ: Қаланың шыға берісінде тұрғызылған жаңа қақпа екі жақты, неліктен оның тек бір бөлігі ғана қолданылады?
Жауап: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік мекемесі хабарлағандай, жолдың екінші бөлігі жобалық-сметалық құжатқа қаражат бөлінгенде жөнделетін болады.
Сұрақ: Красный Яр селосына апаратын жолға жөндеу жүргізіле ме? Жолдың шұңқыры көп болғандықтан, апатты жағдайлар орын алуы мүмкін.
Жауап: Мүмкіндікке байланысты 2016 жылы Красный Ярға апаратын жолға ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.
Сұрақ: Биыл қаланы көріктендіру жұмыстарын жаңартуда қандай жаңалықтар бар?
Жауап: Бүгінгі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесімен қалада гүл көшеттерін мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде. Биыл 12607,1 шаршы метр аумақты гүлмен көмкеру, 1183 түп ағаш егу жоспарланған. Аталған шаралар өкілетті мемлекеттік органдардың келісіміне сәйкес мердігерлік жұмыстар жоспары мен кестесіне сай жүргізілетін болады.
Сұрақ: «МЖД-Сервис», «Көкше МЖД» серіктестіктерінің жағдайы не болды? Қала әкімдігі олардың жұмысын қанағаттанарлықсыз деп тапты. Ұйым жабылған жағдайда персоналдарды не күтіп тұр?
Жауап: «Көкше МЖД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетауда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мамандандырылған өкілетті ұйым ретінде құрылған болатын. «МЖД-Сервис» қыз-
меті аппеляциялық экономикалық сот шешімі бойынша 2016 жылдың 10 наурызында тоқтатылды.
Сұрақ: «Жансая» тұрғын үй кешенінің тұрғындары 2016 жылдан бастап жеке тұлға ретінде жалға төлейтін болады. Бірақ олар жалға төлем жүргізу кезінде заңды тұлға ретінде өтеді. Неліктен?
Жауап: «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы алған 337 пәтер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға – көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе асырап алған отбасылар, жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметтегілер, мемлекеттік орган, бюджеттік ұйым қызметкерлері санатындағыларға берілді. «ҚИК ИК» АҚ пәтер иелерімен төлем қабілеттігіне байланысты келісімшарт жасады. «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» бағдарламасында көзделгеніндей, бағдарламаға қатысушылар ай сайынғы жалгерлік төлемді, мүлік, жер салығын, коммуналдық төлемдерді уақытылы жүргізеді. 2016 жылғы мүліктік салық 1 бөлмелі пәтерге – 7000 теңге, 2 бөлмелік пәтерге – 14000 теңге, 3 бөлмелі пәтерге 23000 теңгені құрайды.
Сұрақ: Аталған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде орын алған өртке байланысты сараптама қорытындысы қандай?
Жауап: 2016 жылдың 4 қаңтарында «Жансая» тұрғын үй кешеніндегі №263 пәтерінде өрт шықты. Сараптама қорытындысы бойынша өрт электр сымының ұшқынынан шыққан. Қазіргі уақытта барлық материалдар «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамына жіберілді, қаражат сақтандыру қорынан белгіленеді.
Сұрақ: 2016 жылы жаңа ескерткіштер, стеллалар тұрғызу жоспарда бар ма?
Жауап: Тұрғын үй-коммуналдық шаруа-
шылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесімен биылғы қаржыландыру жоспарында жаңа ескерткіштер, стеллалар тұрғызу жоспарланбаған, қаражат тек қаладағы 20-ға жуық ескерткіштер мен сәулет құрылыс-
тарын күтіп ұстауға бағытталмақ.
Сұрақ: Тұрғындардың орнатылған жылу есептегіштер мен шайбалардың жарамсыздығы жөніндегі шағымдары қаралды ма? Тұрғындардың көпшілігі жылу есептегіштерін орнатқаннан кейін пәтерлері суық болғандығын айтуда.
Жауап: Тұрғындардың орнатылған жылу есептегіштеріне қатысты шағымдары қаралып, талаптар орындалды. Жылу есептегішін таңдау үйдегі жылу қысымына сәйкес жүргізіледі.
Сұрақ: «Көкшетау Жылу» кәсіпорнына жаңа таразылар сатып алынғанымен, оның орнатылмағандығы айтылуда…
Жауап: Жаңа жоғары сапалы теміржол таразылары 2015 жылы сатып алынып, РК-2 жолына орнатылды. Көмір жаңа таразылармен өлшенеді.
Сұрақ: Биыл қаланы дезинфекциялауға қанша қаражат қарастырылған және ол қай учаскелерде жүргізіледі?
Жауап: Биыл қаланы дезинфекциялауға 2,860 миллион теңге сомасында қаражат жоспарланған. Қала бойынша 19 учаске бойынша жүзеге асырылады.
Сұрақ: Православ шіркеуінің құрылысы қашан басталады?
Жауап: 2016 жылдың 4 наурызында «Ақмола облысының Көкшетау қаласында православ храмы және жексенбілік мектеп құрылысы» жобасы бойынша сараптамалық қорытынды алынды. Құрылыстың орташа сметалық құны – 1 142 568,75 мың теңге. Храмның сыйымдылығы – 500 орындық, жексенбілік мектеп 40 адамға арналған. Жер учаскесінің көлемі – 1,67 га. Дайындық жұмыстарын биылғы жылдың 15 наурызында бастау жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары тұрғындардан, кәсіпкерлер мен бизнесмендердің қайырымдылық көмегімен ұсынылған қаражат түскен уақыттан бастап жүргізіледі.
Сұрақ: Неке сарайының құрылысы шамамен қай уақытта аяталады?
Жауап: Неке сарайы құрылысының мердігер ұйымы – «Ақсәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өткен жылы бөлінген 64 659,458 мың теңге қаражат толығымен игерілді, 2016 жылы 271 357,000 мың теңге бөлінді. Қаражат жетіспеушілігі 498 799,690-32 мың теңгені құрап отыр. Келісімшартқа сәйкес нысанның пайдалануға берілу мерзімі 2017 жылдың төртінші тоқсаны. Қазіргі уақытта темірбетон бағаналарды орнату, бірінші қабаттың ішкі қабырғаларын қалау, бөлу жұмыстары атқарылған. 2016 жылы бөлінген сомаға екінші қабаттың қабырғаларын қалау, шатырын, терезе блоктарын орнату, инженерлік желі тарту жоспарланған.
Сұрақ: Қалада балаларға арналған демалыс орталығын салу жоспарланған ба? Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан осындай идея жоқ па?
Жауап: Өкінішке орай, бүгінгі таңда жергілікті кәсіпкерлерден балалардың демалыс орталығын салу жөнінде ұсыныс түскен жоқ. Дегенмен, 2015 жылы қалада «Революция күрескерлері» паркінде құны 284,879 миллион теңгені құрайтын мәдени және демалыс орнының құрылысы басталды. Былтыр бөлінген 16,461 миллион теңге игерілді. Әкімшілік ғимарат іргетасы мен қабырғалары қаланды. 2016 жылға қаражат бөлінген жоқ. Қаражат жетіспеушілігі 268,418 миллион теңгені құрап отыр. Нысан 2017 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобада парк, балалар аттракционы, шаңғыроллерлік трасса қамтылған.
Сұрақ: Көкшетауда яхт-клуб ашыла ма, жоқ па? Толығырақ айтсаңыз?
Жауап: Аталған жобаға тапсырыс беруші Ақмола облысының құрылыс басқармасы болып табылады. Бас жобалаушы – «ПИ Көкшетаугорсельпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаның сметалық құны – 403 812,0 мың теңге. 2012 жылдан бастап облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аталған жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлу үшін Спорт агенттігіне бірнеше мәрте бюджеттік өтінім жіберді. Бірақ бүгінгі күні нысан құрылысына бюджеттік қаражат бөлінген жоқ.
Сұрақ: Көкшетау-2 тұрғындары жергілікті ФАП-тың суықтығын айтып бірнеше рет шағымданған болатын. Жаңа ғимарат құрылысына жер бөлініпті. Жаңа ғимарат қашан тұрғызылады?
Жауап: ФАП Первомай көшесі, 4 мекенжайында орналасқан. Жылу жүйесіне қосылған. Осында жұмыс істейтін қызметкерлер тарапынан жылумен қамтуға байланысты шағым түскен жоқ.
Сұрақ: Биыл Красный Яр селосында жаңа қазандықты іске қосу жоспарланған. Оған қанша үй және нақты қай аудандардан қосылады?
Жауап: Тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу тұтынушылардың өтініші негізінде берілген техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі. Осы ретте, тұрғындар Красный Яр селолық округіне өтініш бере алады. Жаңа қазандық биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әзірлеген Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс