Өрттен құтқару спартакиадасы

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Конституция күніне орай өрттен-құтқару спортынан ведомствоға қарасты бөлімшелер арасында жарыс өткізді. Оның салтанатты ашылу рәсімінде мемлекеттік мекеменің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасов сөз сөйледі.

Жарысқа қалалық және аудандық өртке қарсы қызмет бөлімдерінен 12 команда қатысты. Негізгі сынақтар Көкшетау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 100 метрлік жолақ кедергілерден өту, жауынгерлік өрістеу және шабуыл баспалдағы арқылы оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу бойынша өтті. Қызықты әрі тартысты өткен бәсекеде ептілік танытқан Көкшетау қаласының өкілдері Мадияр Бегайдар, Виталий Какалов жеңімпаз атанды. Жарыстың қорытындысы бойынша «Өрт сөндіру және авария-
лық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Бұланды ауданының және Щучье қаласының өрт сөндіру жасақтары жүлделі үш орынды бөлісті. Жеңімпаз командалар мен қатысушылар құрмет грамотасымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс