Өтініштер ескерусіз қалмайды

Қала әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Орталық базар алаңында халық күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін саудалайтындар жаңа жылдан бастап енгізілгелі жатқан касса аппараттарынан бас тартқысы келетіндерін айтты. Олар бұрынғыша патентпен ғана жұмыс істегісі келеді. Әрі далада касса аппаратын қолдану жайсыздық тудырады, себебі интернет байланыс болмай қалуы мүмкін. Шаһар басшысы қабылдауға қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілінен осы мәселені егжей-тегжейлі тексеріп шығуды тапсырды. Қала тұрғыны Бақыт Нұржанова өзіне тиесілі жер учаскесінде үй салуға кіріскенін, бірақ көршісімен учаскені дұрыс бөлісе алмай отырғанын алға тартты. Әрі істі қараған судья оның көршісінің пайдасына шешіпті. Қала әкімі заңгердің кеңесіне жүгінуге кеңес берді. Бүгінде қайырымдылық қоры арқылы мүгедектерге паллиативтік көмек көрсетіп жүрген Татьяна Спиглазова жалға қажетті ғимарат сұрады. Сонымен қатар, оның қайырымдылық шараларына да қолдау қажет. Шаһар басшысы бұл мәселені де оңтайлы шешуге уәдесін берді.
«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий