Өтініштер жауапсыз қалмайды

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Нәбиұлы Сәдуақасов 25 тамызда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады.
Шевченко көшесі 123/213 үйдің тұрғыны Әлия Қарабаева жертөленің су басып кеткендігіне назар аударды. Аталған үйдің бүгінгі таңда ешқандай пәтер иелері кооперативіне тіркелмегендіктен жертөлені судан тазартуға тұрғындардың күші жетпейтіндігін айта келе, қала әкімдігінен көмек сұрады. Қала тұрғыны Қайырсерік Мұқашев Затаевич көшесіндегі жолдарды жөндеу, Анар Асқарова өзі тұратын Әуелбеков көшесі 126/28 үйдің ауласын абаттандыру жөнінде тілек білдірді. Красный Яр селосындағы Целинная көшесі 40/19 үйдің тұрғыны Шолпан Әмірова өздері тұратын үйдің орталық жылу жүйесіне не себепті қосылмағандығына қынжылыс білдірді. Қала әкімінің орынбасары қабылдау барысында айтылған бұл өтініштердің бәрі тиісті ведомство басшылары және мамандарының назарына жеткізілетіндігін және тиісті шешім қабылданатындығын айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс