Өтініштер тыңдалды

Қала әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарды жеке мәселелері бо-йынша қабылдады. Шаһар басшысына өтінішпен келген тұрғындар жер, баспана мәселесін қозғады. Олардың әрбірін мұқият тыңдаған қала әкімі кезекпен берілетін бас-пана тек рет-ретімен, заңға сәйкес бөлінетінін айтты. Сондықтан, құжаттары дұрыс рәсімделіп, кезекте тұрған отбасына міндетті түрде пәтер беріледі. Ең бастысы, бәрін заң жолымен жүзеге асыру. Жер учаскесін алу мәселесі де өзекті. Тұрғындар өзі сұраған кез келген аумақтан жерді ала алмайды. Оның да өз реті бар. Қалақұрылысы мен бас жоспарына сәйкес учаскелер белгіленген. Оған жауапты сала мамандары бекітілген. Кездесу барысында тұрғындарға жер бөлудің шарттары мен талабы түсіндірілді.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий