Өтініштер тыңдалды

Қала әкімі Амангелді Смайылов жеке басының мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдады.

Олардың бірі баспана мәселесін қозғаса, енді бірі аулаларын абаттандыру жайын қозғады.  Көпбалалы Қазыбаевтар отбасы тұрғын үй кезегінде 2014 жылдан бері тұр.

Бұл отбасына өз кезегін күтуге тура келеді. Өзінің мәселесін ортаға салған үш баланың анасы Манайхан Кенжегүлдің жұбайы  1-ші топтағы мүгедек. Отбасы қазір баспанаға зәру. Тұратын үйі мүгедек жанды күтуге ыңғайсыз. Қала әкімі Красный Яр селосындағы екі қабатты жатақханадан бөлме қарастыру мүмкіндігі барын айтты. Осы селоның тұрғыны Светлана Ниязова да тұрғын үй кезегіне тұрмаған, бірақ баспана мәселесін шешкісі келеді. Қажетті құжаттарын рәсімдеуге кеңес берген шаһар басшысы селодағы аулаларды күл-қоқыстан арылту, жылу жүйесіне қосылу, интернет пен телефон желісін тарту мәселелеріне қатысты тұшымды жауаптар берді. Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындарды мұқият тыңдап, шешімін күткен жағдайларға қатысты тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

                                                                  Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий