Өтініш-тілектер ескерусіз қалмайды

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалында азаматтарды қабылдады.

Қала тұрғындары өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға тиісті бөлімдерден келген лауазым иелері жауап берді. Негізінен көтерілген мәселелер қала әкімдігінің бақылауында екені және алдағы уақытта бұл көтерілген жайттар өз кезегінде ретімен шешілетіні айтылды. Ескі нефтебаза көшесі, 11 үй тұрғындары атынан сөйлеген Амангелді Құлышев сол аумақтың жерін сатып алған меншік иесі үй иелерінің қаражатына тартылған су құбырын алып тастауды талап етіп отырғанын баяндады. «Біз қашанда тұрғындар мүддесін қорғайтын боламыз. Алайда, бизнестің қанат жаюына тұсау бола алмаймыз», – деген Сағындық Шабаров алдағы күндері меншік иесі «Мелькомбинат Көкше» ЖШС директорының қатысуымен тұрғындар арасында кездесу өткізілетінін жеткізді. Жалғызбасты ана Гүлімжан Сәрсенбаева бірнеше жыл бұрын Васильков шағын ауданы, 20 мекенжайында орналасқан жатақханадан бөлме сатып алған. Ол отбасылық жағдайына байланысты бірнеше жыл қалада тұрмағанын, кейін тұрғын үй кезегінен алынып тасталғанын, қазіргі күні ұлымен пәтер жалдап тұрып жатқанын айтып, сол жатақханадан қосымша бір бөлме бөлуді немесе пәтермен қамтуды сұрады. Мамандар өтініш иесінің атында үй болғандықтан, заң аясында оның пәтер кезегіне тұруға мүмкіндігі жоқтығын алға тартты. Тұрсын Сыздықова есімді қала тұрғыны Центральный, 43 мекенжайындағы тұрғын үйдің тозған шатыры күрделі жөндеуді қажет ететінін қынжыла баяндады. С.Шабаров өтініш иесінің талабы назарға алынатынын жеткізді. Жұмабай Сәдуақасов көктемгі су тасқыны кезінде жеке мүлкінің бүлінгенін айтып, материалдық шығынды өтеу үшін көмек сұрады. Мамандардың айтуынша, бұған дейін бұл отбасына 30 айлық есептік көрсеткіш есебінде көмек көрсетілген. Гүлмира Мұхамедқалиева Уәлиха-нов көшесі, 150 мекенжайы аумағындағы ағаштарды кесіп, санитарлық бұталау жұмыстарын жүргізуді сұрады. Динара Дүйсено-ва Сабатаев көшесі, 93 мекенжайындағы тұрғын үйдің қашан сүрілетінін сұрады. С.Шабаров атал-ған үйді сүру биылғы жылдың жоспарында жоқ екенін жеткізді. Айтылған мәселелерге қолданыстағы заңнама аясында шешiм қабылданатыны жөнiнде тиiстi түсiнiктеме берілді.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий