Өтініш-тілектер тыңдалды

Жаңа жыл қарсаңында Красный Яр кентінің тұрғындары өздерін мазалаған көптеген сұрақтарына жауап алды. Тұрғындармен кездесуге Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.Жүсіпов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Ахметов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Ю.Шидловский, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Подгурский, тағы басқа бөлімдер өкілдері қатысып, тұрғындар сұрақтарына жауап беріп, өтініш-тілектерін тыңдады.
Тұрғындар қойған сұрақтар негізінен жолаушылар тасымалдайтын автобус-тар жүрістерінің жиілігі, кейбір үйлерге орталық жылу жүйесінің тартылмауы, жаңа мектептің пайдалануға берілуі, балалар тәрбиеленетін мекемелер жанынан өтетін жолдарға бағдаршамдар орнату мәселелері болды.
Қабылдауға келген барлық азаматтардың талап-тілек, пікірлері тыңдалып, сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды. Көп мәселе «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2020 жылға жоспарланғаны белгілі болды. Демек, Красный Ярда осы жылы көптеген жөндеу, жаңғырту жұмыстары қолға алынып, кент көркейе түспек.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий