Өңірдегі өрелі істерге лайықты баға берді

Облыс әкімі Сергей Кулагин өткен аптада жұмыс сапарымен Бурабай, Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарында болып, бірқатар өндіріс, шаруа қожалығы, құрылыс және әлеуметтік нысандардың жұмысымен жақынырақ танысты.

Өңір басшысы Сергей Кулагин Бурабай ауданын аралауды «Есіл-агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастады. Мұндағы егіс көлемі 84,3 мың гектар, оның ішінде дәнді дақылдар көлемі 30 мың гектардай. Серіктестік топырақты озық әдістермен өңдеп, органикалық және минералды тыңайтқыштарды көптеп пайдалануда. Шаруашылық голштино-фризко асыл тұқымды ірі қара малын өсіруге бағыт ұстап отыр. Бұдан кейін облыс әкімі Бурабай поселкесіндегі су тазарту қондырғысының және жаңадан салынып жатқан бу қазандығының құрылыс барысымен танысты. Бұланды ауданындағы қуаттылығы жылына тірідей салмақта 60 мың құс өсіретін фабрика құрылысы екі кезеңмен жүргізілуде. Кәсіпорынның бірінші кезеңі келер жылдың қазан айында, екінші кезеңі 2019 жылдың маусым айында іске қосылмақ. Келешекте бұл ауданда құрама жем заводы да салынады. Жаңадан салынып жатқан «Politerm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу қымтағыш материалдар өндірісімен айналысатын болады. Оның жылдық жобалық қуаты 34 мың тонна өнім шығару. Жобаның жалпы бағасы 4 миллиард 179 мың теңге. Нысан құрылысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына көңілі толған облыс басшысы жақсы деген баға берді. Ақкөл ауылында өңір басшысы жетім балаларға және асыраушыларынан айырылған балаларға арналған №1 балалар үйінің қайтадан жаңғыртылу жұмысына да назар аударды. Осыдан бір жыл бұрын аталған балалар үйінде күрделі жөндеу жұмыстар басталып, оған облыстық бюджеттен 482 миллион теңге қаржы бөлінген-ді. Жұмыс сапасында байқалған кейбір кемшіліктер жөнінде өткір сын айтқан облыс әкімі оны таяу уақытта тез түзетудің жолдарын атап көрсетті. Сонымен бірге Сергей Кулагин «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс даласында болып, «EL GRANO» жаңа элеватордың құрылысын аралап көрді. Оның жобалық қуаты жылына 13 мың 500 тонна өнім шығару. Қазір мұнда қажетті құралдар орнатылуда. Шортанды ауданына келген өңір басшысы орталық аудандық бу қазандығында, «Есіл-стоун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және №5 агротехникалық колледжінде де болды. Бу қазандығының директоры М.Мұхамедиев-
тың айтуына қарағанда, мұнда жеке меншіктік сектордағы үйлер орталық жылу жүйесіне қосылды. Ал, «Есіл-стоун» серіктестігінің құрылтайшысы Башир Солсанов бұл нысанның Индустрияландыру картасына кіргендігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс