Өңірдегі өрелі істер

Өңір басшысы Сергей Кулагин 18 қаңтарда Бұланды ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер талқыланған актив жиналысына қатысып, сөз сөйледі.

Облыс әкімі Сергей Кулагин Купчановка селосындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Өткен жылы мұнда 250,5 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген-ді. Мекеме директоры Талғат Сүлейменовтың айтуына қарағанда, бұл орталықта 472 адам толығымен мемлекет қамқорлығына алынған. Оларға 5 дәрігер, 170 орта буындағы медперсонал қызмет көрсетеді. Аудандық мәдениет үйінің директоры Шәріпхан Тілеуханов облыс әкіміне өткен жылы 107,8 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігін айтты. Нәтижесінде мәдениет ошағында үйірме бөлмелері, би залдары тұрақты жұмыс істеуде. Бұдан кейін өңір басшысы Макинка қаласында салынып жатқан құс фабрикасының және жылу орағыш материалдар шығаратын кәсіпорынның құрылысын аралап көрді. «Botakan-2016» балалар сауықтыру орталығы мен «Балдырған» мектеп-балабақшасының ұжымдары облыс әкімі Сергей Кулагинге мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс