Өңірде қанша ауылдың келешегі бар екені анықталды

Премьер-министр Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуын тексерді.  Үкімет басшысы Астрахан ауданының Астраханка ауылындағы және Атбасар ауданының Бастау ауылындағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, тіршілікті қамтамасыз ету және АӨК нысандарын аралады.

Өңірде 298 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды. 2019-2021 жылдары өңірдің ауылдық аумақтарының инфрақұрылымын жаңғыртуға 70 млрд теңге бөлінді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, ТКШ, кентішілік жолдарды, су құбыры желілерін жөндеу және салу бойынша 88 жоба іске асырылды. 1 140 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 200-і тұрақты жұмыс орны. Биыл барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша Ақмола облысының ауылдық елді мекендерін дамыту бойынша жалпы сомасы 22,3 млрд теңгеге 203 жоба іске асырылып жатыр. 2022-2025 жылдарға өңірдің ауылдық аймақтарын дамытуға шамамен 120 млрд теңге бөлу жоспарланған. Асқар Мамин еңбек ардагерлерімен және өңірдің құрметті тұрғындарымен кездесті. Үкімет басшысы ауылдық елді мекендердің дамуына жаңа серпін беретін «Ауыл – Ел бесігі» жобасын уақтылы және сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға және ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын арттыруға көп көңіл бөледі. Үкімет мүшелері «Ауыл – Ел бесігі» жобасының және ауыл аймақтарын дамытудың басқа да бағдарламаларының орындалуын бақылау бойынша еліміздің барлық өңіріне инспекциялық сапарларды бастады. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру қарқыны ерекше бақылауда», – деді А. Мамин.

Баспасөз хабарламасы


Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий