Өңірдің дамуына серпін берілмек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің
әлеуметтік-экономи-калық дамуымен танысты. Степногор қаласында Үкімет басшысы агроөнеркәсіптік сектор, химия өнеркәсібі және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына – «Қазақстанның жылыжай технологиялары», «Степногор» ЕМК» мойынтірек зауытына, пестицидтерді шығаратын «Астана-Нан Chemicals» зауытына, «Степногор тау-кен химия комбинатына», «Қазақалтын Technology» және «Ақсу Technology» кәсіпорын-дарына барды.

Көкшетау қаласында Премьер-Министр 200 төсек орынға арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, өңірге жеткізілген елімізде құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді, жедел жәрдем машиналарын қарап шықты. Үкімет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық шаралары туралы баяндалды. Асқар Мамин қаланың әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы объектілерінің салыну барысымен, іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалармен, сондай-ақ, осы жылғы қараша айында өтетін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жұмыстарымен танысты. Көкшетау қаласы экономикасының қала құраушы салалары – машина жасау, құрылыс индустриясы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, көлік-логистика қызметтері. 2020 жылдың 10 айында қалада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 41,4%-ға – 108,1 млрд теңгеге дейін, инвестиция көлемі 1,7 есе – 49,8 млрд теңгеге дейін, құрылыс жұмыстары 1,9 есе – 25,9 млрд теңгеге дейін өсті. Бурабай ауданының Щучинск қаласында Премьер-Министр «IQanat High School of Burabay» мектебіне барып, Бурабайдың туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған жоспары аясында көзделген барлық іс-шараларды аяқтау, сонымен қатар, Туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. 2020 жылдың 9 айында Ақмола облысында ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,1%-ға – 509,7 млрд теңгеге дейін, өнеркәсіптік өндіріс 6,8%-ға – 732 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталға салынған инвестициялар 23%-ға – 297,6 млрд теңгеге дейін артты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий