Өңір үшін маңызды жоба

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 2002 жылдан бері Қазақстан Республикасында John Deere ұлттық дилері – Eurasia Group AG
компаниясы салған ТМД-дағы ең ірі John Deere дилерлік сервис орталығының ашылуы өтті.

Салтанатты шараға ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер, «Евразия Групп Казахстан» ЖШС Қазақстан аумағындағы Eurasia Group AG өкіл компаниясының бас директоры Сергей Глокке, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысты.
Қазақстан аумағында жұмыс істеген жылдар ішінде отандық фермерлерге 12 мыңнан астам ауыл шаруа-
шылығы техникасы жеткізілді, 14 өңірлік өкілдік ашылды, 400-ден астам жұмыс орны құрылды.
Бүгінгі таңда республиканың егіс алқаптарының 25%-дан астамы John Deere техникасымен орылады. Жаңа сервистік орталық клиенттерге қызмет көрсету деңгейін
жақсартуға, инновацияларды ілгерілетуге, елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға одан да үлкен үлес қосуға көмектеседі.
– «Евразия Групп Казахстан» ЖШС жобасы шетелдік инвестордың қатысуымен индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Әрине, ол аймақ үшін ең маңызды жобалардың біріне айналды. ТМД-дағы ең ірі сервистік орталықтың құрылысы үшін біздің қаламыз кездейсоқ таңдалған жоқ: Көкшетау-бұрыннан дамыған сервис, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жөніндегі мамандары бар тарихи қалыптасқан логистикалық хаб, – деп атап өтті орталықтың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев. Сонымен қатар, Ақмола облысында John Deere маркалы техника концентрациясының ең жоғары үлесі: 450 трактор, 700 комбайн және 400 егіс кешені. Бұл нысан экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер бере отырып, аграрлық сектордың дамуына жол ашуда.
ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының алдына бес жыл ішінде еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Техникалық жарақтандыруды жақсартусыз мұны істеу мүмкін емес, сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартатын аграрийлерді қолдаудың бірнеше мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Ауыл шаруашылығы машиналарының үздік үлгілеріне қолжетімділік инвестициялық, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, лизингтік кредит берудің бағдарламалары арқасында қол жеткізілді. Өткен жылы АӨК еңбеккерлері әртүрлі мақсаттағы 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы машинасын сатып алды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ағымдағы жылдың бес айында «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қазақстандық аграршылар 4,5 мың жаңа импорттық трактор мен комбайн сатып алды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету бойынша қызмет көрсететін сервис орталығы туралы «Евразия Групп Казахстан» ЖШС Бас директоры Сергей Глокке толығырақ айтып берді. Орталық учаскесінің жалпы ауданы – 10 га, ал ғимараттың ауданы – 13 000 шаршы метрді құрайды. Әкімшілік кеңсе үй-жайынан басқа қосалқы бөлшектер қоймасы, оқу сыныбы бар ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндеу орталығы және агрегаттық шеберхана, ауыл шаруашылығындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша оқыту орталығы, нөлдік технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы, техникаға арналған жабық және ашық көрме алаңдары орналасқан. Сервис орталығы сондай-ақ, машиналарды тест-драйвтауға арналған алаңды, бұрын пайдалануда болған техникаға арналған аумақты және ашық кеден қоймасын қамтиды.
– Сервистік орталық техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған. Ауыл шаруашылығы саласының заманауи сұраныстары мен үрдістеріне жауап береді, Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, күрделі жөндеу және техниканы игерумен қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Біз фермерлер мен жас мамандарға ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды үйретуді ұсынамыз. Соңғысы, өз кезегінде, ауыл шаруашылығында білікті кадрлардың тапшылығы мәселесін ішінара шешуге көмектеседі, – дейді Сергей Глокке.
Компанияның жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы машиналары қоршаған орта үшін қауіпсіз, зиянды шығарындыларды азайтады, гербицидтерді пайдалануды төмендетеді.Мұның бәрі ауа-райына қарамастан сапалы өнім алуға негіздейді. Шын мәнінде, бүкіл әлемдегі фермерлер мұны бұрыннан біледі, сондықтан олар John Deere брендінің техникасын таңдайды.

«Көкше-ақпарат»

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий