№21 мектептегі футбол корты

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың бастамасымен қаланың әр мөлтек аудандарында спорттық ойын алаңдары ашылып, тұрғындардың, әсіресе жас жеткіншектердің салауатты өмір салтымен айналысуына қолайлы мүмкіндіктер жасалуда. Соның бір мысалы ретінде №21 орта мектеп территориясындағы футбол корты бүгінгі күні «Жайлау» мөлтек ауданының тұрғындары үшін асыға күткен жаңалық болды. Бұл жерде спорт нысанын ашу көптен бері әңгіме болғанымен оны жүзеге асырудың орайы келмеді. Тікелей қала әкімінің араласуымен ғана сең қозғалып, биылғы жазда мектеп ауласы абаттандырылып, жап-жақсы ойын алаңы жасалды. Балалар жасыл алаңда доп қуып, көңіл сергітеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс