1 қазан – 31 қазан Егде адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы

Егде адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында көкшетаулық ардагер шахматшылар арасында қала әкімінің кубогы үшін жарыс өтіп жатыр.  

«Өрлеу» педагогтардың білік-тілігін арттыру» акционерлік қоғамының Көкшетау институтында Қазақстандағы алғашқы өміршең жоба – «Ересектердің білім алуы» қолға алынып, дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Бұл шараны жүйелі жүргізу үшін аталған оқу орны жанынан арнайы орталық құрылған. Жақында осы тақырыпта бесінші халықаралық форум өткізілді. Оның жұмысына ЮНЕСКО акциясының ұлттық үйлестірушісі, экономика ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург гуманитарлық білім институтының профессоры, «Дом Европы в Санкт-Петербурге» бірлестігінің президенті Нина Литвинова, Санкт-Петербургтегі Датск мәдениет институтының директоры Фин Андерсен қатысты. «Ересектердің білім алуы» орталығының басты ерекшелігі қариялардың демалысын ұйымдастырумен бірге оларды компьютерлік сауаттылыққа, қолданбалы өнерге және ағылшын, қазақ тілдерінде сөйлеуге үйретеді. Биылғы форумның тағы бір ерекшелігі – оның егде адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы шеңберінде өтуі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс