1 қыркүйек – Білім күні

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акция-сын өткізу – дәстүрге айналған игілікті іс. Еліміздің барлық аймақтарында 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталатын бұл шара барысында оқуға тартылмаған балалар анықталып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсетіледі. Сонымен бірге әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған шаралар да қарастырылмақ.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов қатысып, аз қамтылған отбасылардан бірінші сыныпқа баратын он бүлдіршінге оқу құрал-жабдықтарын сыйлап, материалдық көмек те көрсетті. «Нұр Отан» партиясының белсенді тобы бұл шараға жыл сайын қатысып келеді. Өткен жылы 311 балаға жалпы сомасы 3,8 миллион теңгеге көмек көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда партияның аумақтық филиалдары, бастауыш ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық құрылымдар тарапынан 1831 балаға жалпы сомасы 17 миллион теңгеге материалдық көмек көрсету ұйғарылған.

 

***

«Сбербанк» ұжымы да осынау игілікті істен шет қалмай ондаған бүлдіршінге киім-кешек, оқу құрал-жабдықтарын сатып әперді. Ал, облысымыздың мәртебесін дүбірлі жарыстарда асқақтатып, намысын қорғап жүрген танымал спортшыларымыз да мейірімділік шарадан тыс қалмай, №12 орта мектепте өткен акцияға қатысты. Ауыр атлетші Мария Грабовецкая, армреслингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Илья Ильин, жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Аян Шөкенов, балалар мен жасөс-пірімдердің футбол мектебінің директоры Мұрат Төкеев елеулі қолғабыс жасады. Оқу-жаттығу жиынында жүрсе де аталған осы шарадан Әлем чемпионы, боксшымыз Дина Жоламан, шаңғышы Николай Чебатько, биатлоншы Алина Райкова мен самбошы Нұрлан Жамалов та қалыс қалмады.

 

***

Ақмола облысы іскер әйелдер ассоциациясы мен Қазақстан Халықтық коммунис-тер партиясының облыстық комитеті де мейірімділік шарасына белсене қатысып, табысы аз отбастарының жиырмаға жуық оқушысына қысқы киім-кешек, оқу құрал-жабдықтарын сатып әперді. Демеушілік көрсетіп, қолдау жасағаны үшін оларға ата-аналар дән риза.

Алғыс айтамыз

Өскелең ұрпақты мектепке дайындауға ел болып бірлесе жұмылу – ғибратты іс. Бұл орайда «Мектепке жол» акциясының пайдасы көп. Мемлекеттік құрылымдар мен банктердің, кәсіпкерлердің, депутаттардың қаржылай қолдау көрсетуі құптарлық жайт.
№3 Красный Яр орта мектебінде де аз қамтылған көпбалалы отбастарының балаларына спорттық киімдер, мектеп формасы, аяқ-киім, кеңсе тауарларын сатып әперуге осы жолы Көкшетау қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктер мен өндіріс орындары елеулі көмек көрсетті. Осы орайда «Халық банкі», «Каспий банк», «Центркредит» басшылары Гүлнар Құсайынова, Дәулетхан Хазиз, Қарлығаш Сағындықова мен «Ақсай нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Зайтхан Зиядинге мектеп басшылығы мен ата-аналар атынан айтар алғысымыз шексіз. Бір-бірімізге мейірімділік танытып, қысылтаяң сәтте қол ұшын беру халқымыздың бауырмалдығының бір нысаны емес пе.

Самал КӨПЕЕВА,
№3 Красный Яр орта мектебінің мұғалімі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс