100-ден астам домбырашы қатысты

Көкшетау қаласының «РИО» сауда-ойын орталығында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сонымен қатар «Жастар жылы» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша, «Алтын діңгек» musical performance жобасы аясында қала тұрғындары мен жастар арасында жергілікті тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Жастар жолы – Рухани жаңғыру» атты акциясын өткізді.
Акция барысында 100-ден астам Көкшетау қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары домбырада күйлер ойнап, қала тұрғындары, жастар латын қарпінде жазу бойынша интеллектуалды ойындарға қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий