1000 куәлік берілді

Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бас-тап Ақмола облысында көлік құралдарын тіркеуде интегралды шағын сызбанұсқасы бар пластикалық карточка түріндегі жаңа куәліктері беріле бастады. Осы кезге дейін 1000-нан астамы жүргізушілер қолына тиді. Оның жадында автомобиль және оның иесі туралы, сонымен қатар барлық техникалық сипаттамалар: бастапқы тіркеу күні, сатып алу заңдылығы, қайта жабдықтау негізі, жасаушы ел, иесінің ЖСН/БСН, сақтандыру полисінің нөмірі және сақтандыру компаниясының
атауы, сақтандыру шартын жасау және аяқтау күні, ерекше белгілер, иесінің мекенжайы және телефоны жазылады.
«…КҚТК карточкасында Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ультракүлгін бейнесі, карточканың және голограмманың оң жақ шетінде тігінен орналасқан «QAZAQSTAN» деген жазу түріндегі бұрмалаудан қорғау элементтері бар…», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Қошқарбаев.
Алайда, бұрынғы КҚТК көлік құралын қайта тіркегенге дейін жарамды болып табылады.

ПД баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий