138 курсант ант қабылдады

      Отанға қызмет етемін!

Көкшетау техникалық институтының бірінші курсына түскен 138 курсант Отанға адал қызмет ету жөнінде ант берді. Осыған орай Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төрағасы, азаматтық қорғаныс полковнигі В.Беккер, облыс әкімінің орынбасары Н.Нүркенов, Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев, құқық қорғау органдарының жетекшілері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ата-аналар, төтенше жағдайлар органдарының ардагерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин салтанатты жағдайда қабылданған ант әрбір курсантқа қаншалықты абыройлы міндет жүктейтіндігін айта келе, олардың сапалы білім алып, ертеңгі күні еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын білікті маман атануына тілектестігін білдірді. Республикамыздағы бірден-бір жалғыз оқу орны – Көкшетау техникалық институты биыл 1-ші курсқа курсанттарды жиырмасыншы рет қабылдап отыр. Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс мамандықтары бойынша білікті маман даярлау үшін ағымдағы оқу жылына 175 абитуриент қабылданды. Оның 138-і аталған оқу орнында, қалған 37-і Ресей мен Белорусияның Ішкі істер министрлігінің салалық оқу орындарында білім алады. Ант беру рәсімі институт курсанттары дайындаған концертпен жалғасты.  Сол күні «Сарыарқа» мөлтек ауданында жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанаты болды. Оған Астанадан келген мәртебелі меймандар мен облыс және қала басшылары қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс