149 түлек диплом алды

28 мамырда Тәуелсіздік алаңында азаматтық қорғаныс саласында мамандар даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институтын биыл бітірген түлектерге диплом тапсыру салтанаты болды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жанболат Смайылов, басқа да құрметті қонақтар қатысты.

DSC_7400Биыл Көкшетау техникалық институтын адамдардың өмірін құтқарып, ұлттық байлықты қорғап, төтенше жағдайдың алдын алу шараларына қатысушы білікті мамандардың қатарына қосылатын 149 түлек бітірді. Олар еліміздегі төтенше жағдайлар комитетінің аймақтың бөлімшелеріне қызметке жіберіледі. Биылғы оқу жылындағы басты ерекшеліктің бірі «Өрт қауіпсіздігі» мамандарынан басқа алғаш рет «төтенше жағдайдан қорғану» және «азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» мамандары да даярланды. Жалпы алғанда жиырма жылдың ішінде аталған жоғары оқу орны 4288 маман даярлады. Диплом тапсыру салтанаты аяқталған соң түлектер институттың жауынгерлік туымен қоштасу рәсіміне қатысты. Бұл жолы жауынгерлік тумен қоштасу мәртебесіне азаматтық қорғау лейтенанты Хамит Нұрсейіт ие болды. Курсанттар қоштасу вальсін билеп, аспанға жоғары оқу орнымен қоштасудан жаңа өмірге қадам басқандықты бейнелейтін шардан жасалған курсанттық погон композициясын ұшырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс