15 қараша – Теңге күні

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Содан бері осы күн ресми ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.

Қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

15 қараша күні ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – Теңге айналымға шықты. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған күн болды. Елімізде төл теңгеміздің енгізілуі ұлттық нарықтық инфрақұрылымды жасауға, өзіндік қаржы-несиелік және бюджеттік-салық саясатын жүзеге асыруға және реформаның алғашқы жылдарында тиімді
саяси экономикалық тұрақтылыққа алып келді. Ұлттық валюта күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атануы тегіннен-тегін емес. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында Көкшетау қаласындағы қаржы секторының барлық қыз-
меткерлерін төл мерекесімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қашанда жеңіл болған емес, ол үлкен зияткерлікті, моральдық және эмоционалдық қажырлылықты талап етеді. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында бүгінде жалақы уақытында төленіп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, қала экономикасының барлық саласында тұрақтылық сақталған. Болашақта да сіздерге сенім артуға болатынын жақсы білемін. Осы мәселелерді шешуде өзінің сүйікті ісіне талай жылын сарп еткен ардагерлердің тәжірибесі аса қажет. Алдағы уақытта барлық жоспарларыңыз орындалсын. Сенімді серіктестер мен адал әріптестер жандарыңыздан табылсын. Жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен сарқылмас күш-қуат тілеймін, еліміздің гүлденуіне сүбелі үлес қоса беріңіздер!

Ермек Маржықпаев,
Көкшетау қаласының әкімі.

Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 1993 жылдың 15 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – Теңге айналымға шықты. Осылайша тәуелсіз еліміз тарихының жаңа парағы ашылды. Ұлттық валюта тәуелсіз еліміздің белгісіне айналып, егемендігімізді тұғырлы етті. Ұлттық валюта енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды, мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді. Бұл шаруаларды тыңғылықты етуде қаржы органдары қызметкерлерінің үлесі зор, олардың қатарында тәжірибелі, өз ісіне шын берілген мамандар бар. Көкшетау қалалық мәслихаты мен жеке өзімнің атымнан қаржыгерлер мен ардагерлерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор табыс, даму мен өркендеуді тілеймін. Отбастарыңызда амандық, татулық пен келісім орнасын. Қаржылық тәуелсіздік молшылықтың бастауы болсын.

Бауыржан ҒАЙСА,
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс