160 оқушы жүлдегер атанды

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Олимпиадаға облыстың 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептен 378 оқушы қатысты.

 Білім додасында көкшетаулық 160 оқушы жүлдегер атанды. 31 жеңімпаз, 35 қатысушы ІІ дәрежелі, 95 қатысушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 29 қатысушы арнайы грамоталарға ие болды. Олимпиада жүлдегерлерін облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов құттықтады. –Ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Көкшетаудағы «Білім инновация» лицей-интернатының 58 қатысушысының 46-сы жүлдегер атанды. Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданынан қатысқан 24 оқушының 12-сі жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Есіл, Атбасар, Зеренді, Бұланды аудандарының командалары да жақсы нәтиже көрсетті,–деді Т.Жүнісов өз сөзінде.

Облыстық олимпиада жүлдегерлері биылғы жылдың ақпан айында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Атырау қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Қостанай қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.

Оқушылар жұмыстарының құзыретті тексерілуін және тәуелсіз бағалануын қамтамасыз ету үшін әділ қазы ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен PhD докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, үздік оқытушылар шақыртылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий