19 маусым – Медицина қызметкерінің күні

    Көкшетау қаласының құрметті азаматы, білікті басшы, медицина ғылымдарының кандидаты Серік Қабдөшұлы Кәкенов жетекшілік ететін қалалық аурухана ұжымы денсаулық саласында озық әдістерді кеңінен қолданып, кадрлардың кәсіби біліктілігін шыңдауда игілікті істерімен республикамызға белгілі емдеу мекемелерінің бірі. Озат тәжірибе мектебі болғандықтан республикамыздың солтүстік аймақтарындағы ауруханалардың дәрігерлері мен орта буын медициналық персоналдары осында жиі-жиі тәжірибе алмасып тұрады. Емдеу мекемесінің мерейін өсіріп жүрген білікті мамандар да мұнда көптеп саналады. Солардың бірі – пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі, Целиноград мемлекеттік медицина академиясының түлегі Бағлан Омбытайқызы Сейтмұғамбетова. Аталған жоғары оқу орнын бітіріп келгеннен кейін 2001 жылдан бері осында абыройлы қызмет істеп келеді. Қазір ол жетекшілік ететін бөлімшеде 30 кереуеттік орын бар. Оның бесеуі күндіз ем алатын науқастарға арналған. Тағы бір жаңалық биылдан бастап тұзбен емдеу шахтасы игерілмекші. Бұл қызметті ауруханада емделетін науқастардан басқа қала тұрғындары да өз қалауынша пайдалана алады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс