2017: Үлкен үміттер күтіп тұр

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарында болып, ондағы істің жай-жапсарымен танысты. Еңбек ұжымдарымен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

Өңір басшысы сапарын «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы және этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен кездесуден бастады. Достық үйінде емен-жарқын өрбіген әңгіме барысында Сергей Витальевич өткен жылы азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақ-
тап, нығайту жолында бірлес-кен ауқымды жұмыстар атқарыл-
ғандығын айрықша атап көр-
сетті. «Сіздердің белсенді қызмет-
теріңіздің арқасында мәдение-тіміз, тіліміз және ұлттық салт-дәстүріміз жоғары деңгейде өркендеп, дамуда. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, қолға алған игілікті істерімізді одан әрі дамыта берейік», – дей келе өңір басшысы жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. «Никс Инжиниринг Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Владимир Пинчук меймандарды жаңа православие храмының құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі күнге қабырғаны қалау жұмыстарының 80 па-йызы атқарылып, сырттан су және жылу құбырларын тарту аяқталып қалуға жақын. Мердігерлік ұйым жетекшісінің айтуына қарағанда, құрылыс жұмыстары толығымен ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында аяқталмақ. Ал, жексенбілік мектеп құрылысына келетін болсақ, онда болашақ ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғаларын көтеру жұ-мыстары қолға алыныпты. Ағымдағы жылы облыс орталығында тағы бір маңызды нысан – Неке сарайы пайдалануға берілмек. «Ақсәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Оразбаев екінші тоқсанда құрылыс жұмыстары негізінен аяқталатындығын мәлімдеді. Облыс әкімі өз тарапынан бұл нысанды қаржыландыруда ешқандай кідіріс болмайтындығын айтты. Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен 498 миллион теңге бөлінсе керек. Мұнда бірінші қабат толығымен қаланып, ішкі әрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге ішкі инженерлік тораптар да тартылуда. «Ана үйі» қоғамдық үйіне келген өңір басшысын мұнда тұрып жатқан жас аналар жаңажылдық мерекелік костюмдер киіп, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мейірімділік жоба мақсатында ашылған бұл орталықта қазіргі таңда 39 жас ана әлеуметтік және моральдық қолдау-көмек алуда. Олардың арасында тағдырдың ауыр тәлкегіне түскен бес әйел мен бес кішкентай сәби де бар. Облыс орталығында өткен жылы ашылған «Ана үйі» мейірімділік жобасы тастанды балалар санын азайтып, жетімдіктің алдын алуға бағытталған. Осында әлеуметтік көмек алып жатқан аналарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, облыс әкімі алдағы уақытта да мемлекет тарапынан оларға қолдау-көмек көрсетілетіндігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс