2017: Ұранымыз – Қарқын мен сапа!

Ішкі істер органдарының қызметкерлері 1 қаңтардан бастап көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болғандықтан, автопатрульдегі қондырғы арқылы бақылайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерді аралауы барысында тұрғындар тарапынан «Ардагерлер туралы» Заң қабылдау жөнінде ұсыныс айтылды.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 16 қаңтарда ағымдағы мәселелер бойынша кезекті аппарат жиналысын өткізіп, өндіріс қарқынын еселей түсу жөнінде тапсырма берді.

16 қаңтарда ағымдағы мәселелер бойынша өткен аппараттық жиналыста облыс әкімі Сергей Кулагин өзінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Атап айтқанда, аймақ басшысы осы аптада жұмыс сапарымен Бұланды, Астрахан аудандарына баруды жоспарлауда. Аталмыш аудандарда осы күндері 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Сондай-ақ, облыс әкімі ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталатын немесе күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандардың тізімін сұрады. Жиналыс барысында өңір басшысы қала әкіміне облыс орталығындағы бостандық күрескерлеріне арналған саябақты жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауға алу қажеттігін тапсырды. – Саябақ аумағын көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беру керек және ескерткіштерді орнатуға арналған орынды осы бастан ойластыру қажет, – деді аймақ басшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс