22 смартфон табыс етілді

Мүфтият және жергілікті мешіттер жыл сайын «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз ететін. Бұл жолы қашықтан оқыту жүйесінің енуіне орай Науан хазірет мешіті 22 балаға смартфондар сатып әперді. Бұрын да мешіттің қайырымдылық істеріне белсене атсалысып жүрген кәсіпкер Борис Козлов осы ізгілікке демеуші болды.
Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит ата-аналар мен жас шәкірттерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, оларға ертеңгі күні елдің тірегі болуларына тілектестігін білдірді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий