23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Өздеріне жүктелген міндеттерді біліктілікпен атқарып жүрген мемлекеттік қызметші әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ел игілігі жолында тола-йым табыстар тілейміз.

Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің қос бас мамандары Дамир Саматұлы Іргебаев пен Айтжан Төлемісұлы Кәрібаев облыс орталығының қоғамдық-саяси өміріндегі барлық жаңалықтарды тамыршыдай дөп басып, жіті бақылауда ұстайды. Талапкер, ынталы жастар орын алған кез келген жағымды оқиғаны қалт жібермей, шұғыл түрде жария етуге асығады. Еңбек ұжымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық мәдени орталықтардың жұмысын бір арнаға тоғыстырып, ортақ мақсат үшін қызмет істеуге жұмылдыра білуде. Осындай талпыныстың нәтижесінде қаламыздағы қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты деңгейде сақталуда. Сол үшін де Дамир мен Айтжан сияқты іскер жастарға айтар алғысымыз шексіз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс