23 маусым – Қазақстан полициясы күні

«Достар» мәдениет сарайында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қоғамдық тәртіп сақшыларын арнайы құттықтауға келген қала әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығында түрлі қылмыстардың азайғанын атап өтті. Әсіресе, биылдан бастап жұмысқа кіріскен жергілікті полиция саласының қызметі өзінің жақсы нәтижесін берді. Шаһар басшысы құттықтау сөзінде қызметін адал атқару барысында көз жұмған сақшылар Ерлан Әскеров пен Игорь Мирошниченконың да есімін ерекшелеп айтты. Бүгінде погон таққан жүзден астам ару қызметін мінсіз атқарып келеді. Бұл да атап өтуге тұрарлық дүние. Шара барысында учаскелік полицейлер, тергеу бөлімінің қызметкерлері, жергілікті полиция өкілдері, қоғамдық тәртіпті күзетушілер, ювеналдық полиция қызметкерлері Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хатына ие болды. Қалалық ішкі істер басқармасының басшысы, полиция полковнигі Амангелді Нұржановқа, жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Жақсылық Бүйтековке және мамандандырылған «Күзет» қызметінің басқарма басшысы, полковник Батырбек Бабаевқа оргтехника сыйға тартылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс