24 пунктте екпе салынып жатыр

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықовқа коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» векторлық вакцинасы салынды. «Өзімді өте жақсы сезініп отырмын. Қысымды тексеріп көрді. Бәрі жақсы. Арнайы пейдж берді онымен жарты сағат ішінде стационар бекетінде бақылаудан өтуге тиіспіз. Бәрі күткендегідей реакция болды. Аздап басым айналғандай, әлсіздік басқандай болды. Бірақ бәрі қалыпты. Үш күнге дейін шомылуға, алкогольдік сусындарды қолдануға болмайды. Екпе егілгеннен кейін үш күн дәрігердің бақылауында боламын, – деді ол. Соңғы мәлімет бойынша өңірде 42 адам вакцина алды. Бірінші болып вакцина Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовқа, ДСЭК басшысы, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаға, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықовқа, Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Жаровқа, ДСЭК орынбасары Сәуле Сәдуақасоваға, Көкшетау қаласының ЭСЭК басшысы Қанат Ысқақовқа, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышевқа және тағы 30-дан астам адамға салынды. Бірінші кезекте вакцина алғандар – бұл бөлім меңгерушілері мен аймақ бөлімдерінің басшылары. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жақында коронавирустен емделіп шықты. Сол себепті, оған алты айдан кейін ғана егуге болады. Аймақ басшысының басқа орынбасарлары да жазда коронавируспен ауырып шықты. Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына Ақмола облысында 120 адам вакцина алуы тиіс.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий