25 отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Конституциясы
күніне орай облыс орталығында, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болған тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті.

Облыс әкімі елдегі күрделі жағдайға қарамастан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылғанын атап өтті. Соңғы жылдары ғана облыс-та 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Пәтерге ие болған азаматтардың басым көпшілігі жылдар бойы кезекте тұрған азаматтар. Жыл сайын 400 мың шаршы метрге тарта баспана берілуде. Ол үшін елімізде тиісті мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ақмола облысында да аталған бағдарламаларға белсене қатысуда. Осы жылы ғана облыс аумағында 570 мың, оның ішінде тек Көкшетау қаласында 240 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Арнайы шара барысында облыс әкімінің қолынан 25 отбасына жаңа баспананың кілті табыс етілді. «Құрметті жерлестер! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Мемлекет осындай қиын-қыстау кезеңде азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға баса көңіл бөледі. Тек бірлесе күш біріктіріп қана біз коронавирус індетін жеңіп, алға қарай нық қадам жасаймыз», – деді облыс әкімі.
Көпбалалы аналардың бірі Күләш Кәрімова көптен күткен пәтеріне бүгін қол жеткізді. Ол пәтер кезегінде 2005 жылдан бастап тұрған. «Баспана кезегіне тұрғаныма 15 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бала-шағаммен көп үйді жалдап тұруыма тура келді. Облыс әкімдігіне шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді ол.
Бұл күні облыс әкімі Көкшетау қалалық емханасы, Аршалы аудандық ауруханасы, Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы, Зеренді аудандық ауруханасы мен Целиноград аудандық емханасына жедел жәрдем көліктерінің кілттерін, Бурабай, Атбасар, Жарқайың, Ерейментау, Бұланды аудандары мен Степногорск қаласының та-уарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармалары мен қызметкерлеріне «ПАЗ 2121» қызметтік автокөліктерінің кілттері мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты шара кезінде Ермек Маржықпаев арнайы көліктер медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттыратынына сенім білдіріп, алдағы қазан айында медициналық мекемелерге тағы 50 жедел жәрдем көліктерінің кілттері тапсырылатынын айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий