3:0 есебімен тізе бүктірді

Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақ елінің намысын Дариға Шәкімова мен Жайна Шекербекова қорғайтын болады. Бұрымды қолғап шеберлері мәртебелі бұл жолдаманы 16-28 мамыр аралығында Астанада әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған болатын.
Астанадағы «Барыс Арена» кешенінде бокстан әйелдер арасында мамыр айының 16-сы мен 28-і аралығында өткен әлем чемпионатында 54 келіде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Дина Жоламан алтын жүлдені жеңіп алды. Ол болгариялық боксшы Стойка Петровадан басым түсті. Төрт раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы болгариялық әріптесін 3:0 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық спортшылар чемпионат қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Екінші орынды – Қытай, үшінші орынды – АҚШ жеңіп алды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс