31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Достық үйінде «Қазақстанның тарих естелігіндегі ХХ ғасырдың отызыншы және елуінші жылдардың басындағы саяси қуғын-сүргін» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Онда Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Сатыбалды Ділманов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Рауза Абдуллина мен аға оқытушы Ғалымтай Төлепбергенов баяндама жасап, қуғын-сүргін қайраткерінің ұрпағы Жанар Цой естелік айтты.