42500 теңге кімге тиесілі?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, Telegram арнасындағы Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тарды ашу шешілген. «Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», – деп жазды ведомство басшысы Facebook-те.Біздің өңір тұрғындары да мына сілтемеге кіріп, өтінім қалдыра алады:
https://t.me/Akmol42500Bot (Ақмола облысы).
Жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін немесе жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлей-тіндер, келісімшарт негізінде жұмыс істейтіндер egov порталы арқылы өтініш бере алады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий